Коронавирус • 28 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған 255 адамның жағдайы нашар

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциямен ауырып жатқандарға қатысты соңғы деректермен бөлісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 255 адамның жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда  4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.